Бүгін 21-мамыр мәдениет пен өнер саласының қызметкерлері күні қарсаңында облыс әкімі Асхат Шахаровтың қатысуымен мәдениет саласы қызметкерлерінің алқа жиыны өтті.
Өңір басшысы қатысушыларды Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтап, сала мамандарына түрлі дәрежедегі марапаттарды табыстады.
Жиынның бас марапаты – театрымыздың актрисасы, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының артисі Майра Ілиясова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Театр актрисалары — Жанна Бақыт, Москаленко Ирина, Руфина Ибрагимова облыс әкімі Асхат Шахаровтың алғыс хатымен марапатталды.
Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!


