Биыл қазақтың қаһарман қызы – Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы!
Әлия Молдағұлова Ақтөбе өңірінің қарлығашы, еліміздің мақтан тұтар батыр қызы.
🔖 Батырдың 100 жылдығына орай Тахауи Ахтанов драма театры балалар мен жасөсірімдерге арналған ІІІ үздік республикалық драматургиялық байқауын жариялайды!
Байқауға қатысу үшін ережемен танысып шығыңыз.
Ә.Молдағұлованың 100 жылдығына арналған балалар мен жасөспірімдер шығармашылығына арналған ІІІ республикалық үздік драматургия байқауының ЕРЕЖЕСІ
Байқаудың құрылтайшысы: Ақтөбе облысының әкімдігі
Байқауды ұйымдастырушы: Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры
Байқаудың мақсаты мен міндеті
- балалар мен жасөспірімдерге арналған және оларды өздеріне тартатын жаңа көркем шығармаларды іздеу;
- ақыл-ойын дамыту, адамгершілікке, отансүйгіштікке баулу және эстетикалық талғамын дамыту;
- драматургтар мен театр арасында кәсіби байланыс орнату;
- театрдың балалар мен жасөспірімдерге арналған репертуарлық саясаты ауқымын кеңейту.
Байқаудың форматы мен шарттары:
Байқауға бұған дейін еш жерде жарияланбаған, театр сахнасында қойылмаған және заңды және жеке тұлғалар сатып алмаған қазақ және орыс тілдеріндегі түпнұсқа пьесалар қабылданады.
Байқау халықаралық деңгейдегі сарапшылар мен драматургтер және Т.Ахтанов атындағы театрдың актерлеры мен режиссерларының қатысуымен онлайн режимінде өтеді. Пьеса автордың тегі көрсетілмей цифрлармен оқылады. Байқауға ұсынылған пьесалар рецензияланбайды.
Авторлық құқық:
Байқауға жіберілген пьесалардың (оның ішінде жеңімпаздар) барлық құқықтары авторларда қалады. Спектакльге арналған барлық пьесаларды байқауды ұйымдастырушы Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры ақысыз алуға құқылы.
Пьесаларды автордың келісімінсіз кез-келген коммерциялық мақсатта пайдалану құқықсыз, автормен арнайы келісім қажет етеді.
Байқаудың номинациясы:
- балаларға арналған ертегі (10 жасқа дейін);
- жасөспірімдерге арналған драма (18 жасқа дейін).
Байқаудың уақыты және марапаттау шарттары:
- байқау 2025 жылдың 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында өтеді;
- қатысу жұмыстары байқау жарияланған күннен бастап teatr@mail.ru электронды поштасында қабылданады;
- Байқаудың жұмыстарының қорытынды нәтижелері 1 қазанға дейін ҚР бұқаралық ақпарат құралдарында және театрдың әлеуметтік желілерінде жарияланады;
- марапаттау рәсімі аталған жылдың 1 қазанында өткізіледі.
Жүлде қоры:
- балаларға арналған ертегі (5-тен 10 жасқа дейін);
1 орын – 350 000 тг (үш жүз елу мың теңге)
2 орын – 300 000 тг (үш жүз мың теңге)
3 орын – 250 000 тг (екі жүз елу мың теңге)
— жасөспірімдерге арналған драма (10-нан 18 жасқа дейін)
1 орын – 350 000 тг (үш жүз елу мың теңге)
2 орын – 300 000 тг (үш жүз мың теңге)
3 орын – 250 000 тг (екі жүз елу мың теңге)
Байқауға қатысу үшін авторлар келесі құжаттарды жіберуі керек:
- өтініште (автор өзінің аты-жөнін, тұрғылықты мекен-жайын, байланыс деректерін (электрондық пошта) көрсетуі керек);
- фотосурет;
- шығарманың қысқаша сипаттамасы, пьесаның негізгі тақырыбы, шығарманың айрықша белгілері мен артықшылықтары болуы керек.
Ескертпе: Ақтөбе қаласында өтетін марапаттау рәсіміне қатысушы жеңімпаздардың барлық шығындары келуші жақтың есебінен жүргізіледі.
Барлық көрсетілген материалдар мына мекен-жайға жіберілуі керек:
030002 Ақтөбе қ, Т.Ахтанов көшесі, 52
Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры
т/ф 8 (7132) 732204 қабылдау бөлмесі.
т/ф +7707 167 5099 Директордың жалпы сұрақтар бойынша орынбасары Ж.Еспанбетов


