Т.Ахтанов атындағы

Ақтөбе драма театры

Т.Ахтанов атындағы

Ақтөбе драма театры

Басты бет   /   Жаңалықтар

Театр жаңалықтары

Жақында! Премьера! «Әлия» мюзиклі

Жас ерекшелігі 12+

Жанры: Мюзикл

Қоюшы режиссер: Еслам Нұртазин

 

Әлия» – Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағулованың өмірі мен ерлігін баяндайтын тарихи-биографиялық музыкалық пьеса. Шығармада оның қиын балалық шағы, әскери өмірі және майдандағы ерлігі көрініс табады.

Әлияның қайсарлығы мен Отанға деген сүйіспеншілігі драмалық тартыстар мен әсерлі диалогтар арқылы ашылады. Қойылымдағы ерекше образ – «Ажал» кейіпкері, ол Әлияның тағдырымен бетпе-бет келіп, оның рухын сынайды. Әлия кез келген бойжеткен секілді өмірге ғашық, өз сүйіктісін армандаған, өз қалауы бар қыз.

Қылықты да сұлу Әлияның мінезге бай болмысы арқылы қазақ қызының табиғи болмысы көрінеді. Музыкалық сүйемелдеумен өрнектелген қойылым батыр қыз бейнесіне өзгеше қасиет дарытқан.

Жаңаша серпіліс тұғызар мюзиклдің театрсүйер көрерменге берері мол.

 

Премьераға билетті сайтымыздан ала аласыздар:

КУПИТЬ БИЛЕТЫ