Құрметті көрермен! Қыстың соңғы күндеріндегі елеулі екі жаңалығыңымызбен қуантуға асықпыз!
Елтай Кемалдың 30 жылдық шығармашылық жолына арналған
Г.Хугаевтың «ҚИҚАРЛАР» комедиясының премьерасы мен
«ЖҮРЕКТЕГІ ЖЫЛДАР» кешін ұсынамыз!
Қойылым премьерасы: 26 — ақпан, сағат — 18:30
«Жүректегі жылдар» 1 — наурыз, 18:00.
Айрықша езу тарттырар оқиғаларымен қызықты «Қиқарлар» комедиясында бас рөлді режиссер Елтай Кемалдың өзі ойнайды. Араға 16 жыл салып сахнаға актер ретінде көпшілік теарсүйер қауыммен қауышпақшы.
Ал, 1 — наурыз күні Елтай Кемалдың шығармашылық жолына арналған «Жүректегі жылдар» атты 30 жылдық мерейтой кеші өтеді. Кеш барысында көрермендерге режиссердің өнер жолындағы елеулі сәттері, жетістіктері мен шығармашылық мұрасы ұсынылады. Бұл кеш – шынайы өнерге деген құрмет пен естеліктерге толы ерекше шара болмақ.
Баршы өнерсүйер патшакөңіл көрерменді режиссердің театрдағы кемел 30 жылдық мерейтойын атап өтуге шақырамыз!


