Т.Ахтанов атындағы

Ақтөбе драма театры

Т.Ахтанов атындағы

Ақтөбе драма театры

Басты бет   /   Афиша

Афиша

«Тазының өлімі». Премьера!

Режиссері Мейрам Хабибуллин

Повесте қазақ даласының ескі салты мен аңшылық өнердің қадірін білетін қарт аңшы мен оның сенімді серігі — тазы арасындағы ерекше байланыс суреттеледі. Тазының өлімі — бір иттің өлімі ғана емес, ол — тұтас бір дәуірдің, ұлттық дәстүрдің жоғалуын білдіретін символ. Жазушы шығармасы арқылы ұлттың рухани құндылықтарына деген құрметтің әлсіреуін, замана бетбұрысының адамдар санасына қалай әсер ететінін шебер жеткізеді.

Рөлдерді сомдаушы:

1. Тазы — Бағдат Телеуғалиев

2. Қазы — Кеңес Кемалбаев ҚР «Мәдениет саласының үздігі», «Дара» төсбелгісінің иегері

3. Қазы-2 — Мейірбек Шәкенов

4. Әділ — Аслан Төлентай

5. Есенжол — Бекжан Қайроллин

6. Қазының әйелі — Майгүл Мұзбаева ҚР «Құрмет» орденінің иегері

7. Тазының анасы — Жанар Қанымқұлова ҚР «Мәдениет саласының үздігі»

8. Тазының анасы-2 — Фатима Бердібекова

Бүкіл афиша: