Т.Ахтанов атындағы

Ақтөбе драма театры

Т.Ахтанов атындағы

Ақтөбе драма театры

Басты бет   /   Афиша

Афиша

«Әз Мөңке»

Қойылым премьерасы: 19,20 қыркүйек

Режиссері Нұрлан Жұманиязов

 

Қасиет… Тәңірдің өзі тіршіліктің дәнекері болмаққа жаратқандай тым ерек, адам атаулыдан өресі биік, оқшау бола тұра соларға қамқор, һәм қайсар, болашақтың бейнесін бұлжытпай танитын да, адаспас соқпақтан сағыңды сындырмай алып өтуге  даналығы да жетерлік, әділ бола тұра тым кішік, соншалық аяулы бір тұлғасы  – ӘЗ МӨҢКЕ. Көрегендіктен данышпандыққа дейінгі азапты сапардағы ізі, әне, әлі сайрап жатыр. Соған бір зер салсаңыз екеуара үндесе алар ма едіңіз? «Деді, депті», рас, таңдай қаға тамсандық,  бірақ барымызды бағамдарға, бағаларға қандай харекет қылдық? Ұғындық па, ұмыттық па? Алдық па, алдырдық па? О заманға бұ күннің бедерінен бірге үңіліп көрсек қайтеді? Тапқанымыз болса, бірге қуанайық, ал жоғалтқан болсақ…

… Үш жүз елу жыл бойы шұбаған керуен қай көкірекке кеп қонақтар екен? Қандай кеудеде күй ойнап, қай жүректің лүпілін тап басар екен?

 

Рөлдерді сомдаушы:

Мөңке – Дәурен Нарман   ҚР «Мәдениет саласының үздігі»

Бала Мөңке – Ерсін Сәрсенбек

Тілеу – Еламан Досжанов

Қабақ – Нұрсұлтан Айтқалиев ҚР «Мәдениет саласының үздігі»

Ер Едіге – Сержан Аманқұлов  ҚР «Мәдениет саласының үздігі»

«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері,

«Дара» төсбелгісің иегері

Әбілқайыр – Аслан Төлентай

Сұлу – Айнагүл Өлмесекова ҚР «Мәдениет саласының үздігі»,

«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері

Шынар – Жанна Сұлтанқұлова

Сарлыбай – Кеңес Кемалбаев ҚР «Мәдениет саласының үздігі»

«Дара»төсбелгісінің иегері

Төбел би – Шынтас Омаров

Киікбай би – Мейірбек Шәкенов

Төлебай би – Абзал Құдайбергенов ҚР «Мәдениет саласының үздігі»

Мойнақ би – Бағдат Телеуғалиев

Жоңғар басшы – Әділет Мұхтар

Жолдыаяқ – Айбол Қозбақ

Қалдыбай – Толағай Қарасаев

Аман – Нұрпейіс Қазымбетов

Ауыл ақсақалы – Мағзом Бақытжанов ҚР«Еңбек ардагері» медалінің иегері,

ҚР «Мәдениет саласының үздіг

Әже – Шалқия Бақытжанова ҚР Мәдениет саласының үздігі,

«Құрмет» орденінің иегері

 

Жесір әйел – Майра Ілиясова ҚР «Мәдениет саласының үздігі»,

«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері

Ауыл адамы – Қазихан Балдаиров  ҚР «Мәдениет саласының үздігі»

Көрші әйел – Аружан Базарбаева

Түйе иесі – Арман Ахметов

Оразәлі – Есет Оразалин ҚР «Мәдениет саласының үздігі»

Ене – Майгүл Мұзбаева ҚР Мәдениет саласының үздігі,

ҚР «Құрмет» орденінің иегері,

Молда – Бекжан Қайроллин

Жамал – Жанар Қанымқұлова ҚР «Мәдениет саласының үздігі»

Мәрзия – Роза Ерболатова ҚР «Мәдениет саласының үздігі»

Қамар – Айгүл Оразалина ҚР «Мәдениет саласының үздігі»

Салиха – Наргиз Күнғали

Дариға Дулатқызы – Ажар Жәрденбекқызы

Толқын – Жадыра Жалғасова

Ақжарқын – Нұрай Нұрлан

 

Сарбаздар: Нұрсұлтан Есет, Рахат Төрежанов, Шыңғыс Тельманов, Дамир Сейсенбек, Марс Әбілхасанов, Нұрхат Ибадулла

Бүкіл афиша: