Т.Ахтанов атындағы

Ақтөбе драма театры

Т.Ахтанов атындағы

Ақтөбе драма театры

Балалар мен жасөсірімдерге арналған ІІІ үздік республикалық драматургиялық байқау жарияланды!

Биыл қазақтың қаһарман қызы – Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы! Әлия Молдағұлова Ақтөбе өңірінің қарлығашы, еліміздің мақтан тұтар батыр қызы. 🔖  Батырдың 100 жылдығына орай Тахауи Ахтанов драма театры балалар мен жасөсірімдерге арналған ІІІ үздік республикалық драматургиялық байқауын жариялайды!   Байқауға қатысу үшін ережемен танысып шығыңыз.    Ә.Молдағұлованың 100 жылдығына арналған балалар мен жасөспірімдер шығармашылығына    арналған  ІІІ республикалық үздік драматургия байқауының  ЕРЕЖЕСІ          Байқаудың құрылтайшысы: Ақтөбе облысының әкімдігі Байқауды ұйымдастырушы: Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры     Байқаудың мақсаты мен міндеті балалар мен жасөспірімдерге арналған және оларды өздеріне тартатын жаңа көркем шығармаларды іздеу; ақыл-ойын дамыту, адамгершілікке, отансүйгіштікке баулу және эстетикалық талғамын дамыту; драматургтар мен театр арасында кәсіби байланыс орнату; театрдың балалар мен жасөспірімдерге арналған репертуарлық саясаты ауқымын кеңейту.     Байқаудың форматы мен шарттары: Байқауға бұған дейін еш жерде жарияланбаған, театр сахнасында қойылмаған және заңды және жеке тұлғалар сатып алмаған қазақ және орыс тілдеріндегі түпнұсқа пьесалар қабылданады. Байқау халықаралық деңгейдегі сарапшылар мен драматургтер және Т.Ахтанов атындағы театрдың актерлеры мен режиссерларының қатысуымен онлайн режимінде өтеді. Пьеса автордың тегі көрсетілмей цифрлармен оқылады. Байқауға ұсынылған пьесалар рецензияланбайды.       Авторлық құқық: Байқауға жіберілген пьесалардың (оның ішінде жеңімпаздар) барлық құқықтары авторларда қалады. Спектакльге арналған барлық пьесаларды байқауды ұйымдастырушы Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры ақысыз алуға құқылы. Пьесаларды автордың келісімінсіз кез-келген коммерциялық мақсатта пайдалану құқықсыз, автормен арнайы келісім қажет етеді.    Байқаудың номинациясы: балаларға арналған ертегі (10 жасқа дейін); жасөспірімдерге арналған драма (18 жасқа дейін).   Байқаудың уақыты және марапаттау шарттары: байқау 2025 жылдың 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында өтеді; қатысу жұмыстары байқау жарияланған күннен бастап teatr@mail.ru электронды поштасында қабылданады; Байқаудың жұмыстарының қорытынды нәтижелері 1 қазанға дейін ҚР бұқаралық ақпарат құралдарында және театрдың әлеуметтік желілерінде жарияланады; марапаттау рәсімі аталған жылдың 1 қазанында өткізіледі. Жүлде қоры: балаларға арналған ертегі (5-тен 10 жасқа дейін); 1 орын – 350 000  тг (үш жүз елу мың теңге) 2 орын – 300 000  тг (үш жүз мың теңге) 3 орын – 250 000  тг  (екі жүз елу мың теңге)   — жасөспірімдерге арналған драма (10-нан 18 жасқа дейін) 1 орын – 350 000  тг (үш жүз елу мың теңге) 2 орын – 300 000  тг (үш жүз мың теңге) 3 орын – 250 000  тг  (екі жүз елу мың теңге)   Байқауға қатысу үшін авторлар келесі құжаттарды жіберуі керек: өтініште (автор өзінің аты-жөнін, тұрғылықты мекен-жайын, байланыс деректерін (электрондық пошта) көрсетуі керек); фотосурет; шығарманың қысқаша сипаттамасы,  пьесаның негізгі тақырыбы, шығарманың айрықша белгілері мен артықшылықтары болуы керек.  Ескертпе: Ақтөбе қаласында өтетін марапаттау рәсіміне қатысушы жеңімпаздардың барлық шығындары келуші жақтың есебінен жүргізіледі.  Барлық көрсетілген материалдар мына мекен-жайға жіберілуі керек:  030002 Ақтөбе қ, Т.Ахтанов көшесі, 52 Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры т/ф 8 (7132) 732204 қабылдау бөлмесі. т/ф +7707 167 5099  Директордың жалпы сұрақтар бойынша орынбасары Ж.Еспанбетов    

Бір түп алма ағашы

16- сәуір,  18:30 Авторы – Әлімбек Оразбеков Қоюшы режиссері – Қуандық Қасымов Қоюшы суретшісі – Айбек Орынбасар Музыкамен көркемдеуші – Бақтығали Жұмалин   «Бір түп алма ағашы» психологиялық драмасы — туған ауыл, өскен шаңыраққа деген әрбір адамның парызын қайта оралтып, көп ойларға жетелейді. Ауылда науқас баласымен қалған ана мен қалада тұратын балаларының кереғар тірліктері жаныңды күйзелтіп, еріксіз мұңға бөлейді.Психологиялық драманы көре отырып, әрбір көререннің туған ел ғана емес, туған шаңырақ пен ата-ана алдындағы перзенттік парызы атойлап шыға келеді.Басты кейіпкер Ана мен оның мүгедек баласы, қаладан келгенүлкен ұл, тұрмыстығы қыздар мен күйеу балалар- сан түрлі мінез-құлықтың иелері. Көрерменге көп ой салып, жанарына жас үйірілтетін осындай шығарма жан дүниенің таза болуына үндейді. Рөлдерді сомдаушы: Дәметкен ана — Шалқия Бақытжанова ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР «Құрмет» орденінің және «Облысқы сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері, Майра Ілиясова ҚР Мәдениет саласының үздігі Ерғали- Кеңес Кемалбаев ҚР Мәдениет саласының үздігі, Сержан Аманқұлов ҚР Мәдениет саласының үздігі Әлия — Майгүл Мұзбаева ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР «Құрмет» орденінің иегері, Толқын Жандыбаева «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Ләйла Роза Ерболатова ҚР Мәдениет саласының үздігі, Айгүл Оразалина ҚР Мәдениет саласының үздігі, Мақсат Нұрсұлтан Есет, Бекжан Қайроллин, Шыңғыс Телманов Тұрсын Абзал Құдайбергенов ҚР Мәдениет саласының үздігі Зарқымбек Қазихан Балдаиров ҚР Мәдениет саласының үзідігі, Әсет Оразалин ҚР Мәдениет саласының үзідігі, Дәметкен Құсайынова ҚР Мәдениет саласының үздігі КУПИТЬ БИЛЕТЫ

Айналайын

11 — сәуір, 18:30 Ана… Өмірдегі ең киелі есім. Ананың алақанындағы жылылық, жүрегіндегі шексіз мейірім, көздеріндегі жанашырлық перзенті үшін қуат көзі. Дегенмен, бүгінгі қауырт тірлікте жақындарымыздан біршама алыстап, тіпті олармен кездесу, сөйлесу де сиреп бара жатқандай. Оның себебі неде? Есейіп, өз бетімізше өмір сүргенді жөн көрдік бе, әлде уақыттың тапшылығы ма? Аналарымыздың қадірін барында бағалайық, адамдар! Рөлдерді сомдаушы: Анасы — Майра Ильясова ҚР Мәдениет саласының үздігі Баласы — Рахат Төрежанов Көшілік сахнада: Нұрсұлтан Есет, Кеңес Кемалбаев ҚР Мәдениет саласының үздігі, Жанар Қанимқұлова ҚР Мәдениет саласының үздігі, Нұрсұлтан Айтқалиев ҚР Мәдениет саласының үздігі, Жанна Сұлтанқұлова, Бекжан Қайроллин, Есет Оразалин. КУПИТЬ БИЛЕТЫ

Жақында! Премьера! «Әлия» мюзиклі

Жас ерекшелігі 12+ Жанры: Мюзикл Қоюшы режиссер: Еслам Нұртазин   Әлия» – Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағулованың өмірі мен ерлігін баяндайтын тарихи-биографиялық музыкалық пьеса. Шығармада оның қиын балалық шағы, әскери өмірі және майдандағы ерлігі көрініс табады. Әлияның қайсарлығы мен Отанға деген сүйіспеншілігі драмалық тартыстар мен әсерлі диалогтар арқылы ашылады. Қойылымдағы ерекше образ – «Ажал» кейіпкері, ол Әлияның тағдырымен бетпе-бет келіп, оның рухын сынайды. Әлия кез келген бойжеткен секілді өмірге ғашық, өз сүйіктісін армандаған, өз қалауы бар қыз. Қылықты да сұлу Әлияның мінезге бай болмысы арқылы қазақ қызының табиғи болмысы көрінеді. Музыкалық сүйемелдеумен өрнектелген қойылым батыр қыз бейнесіне өзгеше қасиет дарытқан. Жаңаша серпіліс тұғызар мюзиклдің театрсүйер көрерменге берері мол.   Премьераға билетті сайтымыздан ала аласыздар: КУПИТЬ БИЛЕТЫ    

Келіндер көтерілісі

8 — сәуір, 18:30 Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры, үлкен залы Автор С. Ахмад Жас ерекшелігі  12+ Режиссёр  Мейрам Хабибуллин Өзбекстанның көрнекті жазушы-драматургі Саид Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясында ескі тәртіптің арасындағы конфликтіге негізделген ене мен келін арасындағы қарым-қатынас. Өмір бір орнында тұр ма?! Қойылымда әулеттің берекесі мен балаларының ауызбіршілігін сақтауды ойлап, ұлттың дәстүрді ұстанған адуынды ененің қалыптасқан тірлігіне қарсы шыққан әзілге толы келіндердің әрекеті көрсетіледі. Актерлар: Фармон бибі М. Мұзбаева Башорат М. Ильясова Бустан А.Өлмесекова Луфти Р. Ерболатова Сатты А. Оразалина Мухайе Ж. Өтеген Мехри Ф. Бердібекова Нигора А. Төреғалиева Орынбай Е. Оразалин Махкам Н. Айтқалиев Асқар А. Құдайбергенов Камил Н. Өтеғұлов Мамур Т. Қарасаев Хаким Ә.Сисенов, М.Ерғалиев Тухта Р. Төрежанов Ұста Баки Ә. Оразалин Оператор Б. Қайроллин Тілші Н. Есет   КУПИТЬ БИЛЕТЫ  

Болашаққа хат

РЕЖИССЕР  Елтай Кемал МУЗЫКАМЕН КӨРКЕМДЕУШІ Елтай Кемал, Тимур Ерімбетов КОСТЮМ СУРЕТШІСІ  Айзат Ордабаева РЕЖИССЕРДІҢ АССИСТЕНТІ   Толқын Жандыбаева Осыдан бес ай бұрын, кездейсоқ, мектеп терезесінен құлап кеткен мұғалімнің қазасына ата-аналар кінәлі ме? Қылмысты жасаған кім? Жасөспірімдердің болашаққа жазған хатында қандай құпия жасырылған? Ата-ана мен балалар арасындағы түсінбеушіліктің шешілу жолдары бар ма ? Санадағы сан сұрақтың жауабын тапқыңыз келсе, театрға келіңіз! Рөлдерді сомдаушы: 1. Несіпбек Думанбай — Толағай Қарасаев 2. Эрнест Мырзабеквич — Әсет Сисенов 3. Берік Рысбек — Нұрсұлтан Айтқалиев 4. Қарлығаш — Роза Ерболатова 5. Ескендір Ысқақ — Абзал Құдайбергенов 6. Қыздың елесі — Дана Ниязова, Мөлдір Ғанибекова   КУПИТЬ БИЛЕТЫ  

Екеуміз ғана

Спектакль махаббат хикаясын баяндайды. Олардың бір-бірінен ерекшеленетіні соншалық, еріксіз сұрақ туындайды: бұл екеуі бұрынғы қарым-қатынастарының қайғылы тәжірибесіне қарамастан бірге бола ала ма? Таңдаудың белгісіздігі, шешім қабылдай алмау, өз қалауыңызға деген сенімсіздік Джерри мен Гитель драмасының себептері. «Ол» және «ол» болғанша жалғыздық адамның табиғи емес күйі болады. Біз әрқашан өз жартымызды іздейтін боламыз, бірақ ең қиыны-іздеу емес, басқа адамды онсыз қалай болса солай түсіну және қабылдау қабілеті, махаббат қаншалықты күшті болса да, ол бізді бірге ұстай алмайды. Спектакльді көргеннен кейін тағы бір сабақ алуға болады: алдыңғыларына батыл нүкте қоймай, жаңа қарым-қатынас орнату қиын. Рольдерді сомдаушы: Гитель-Ф.Бердібекова Джери-Б.Телеуғалиев

Арамыз жылып қалар

Сұлу әйелдің бақыт құшағындағы бал күндерінің бағытын «тосын сыйларға» толы тағдыры бір сәтте басқа арнаға бұрып әкетті. Кейіпкер өзінің өлшеулі өмірін ақылмен сүре ме әлде жүрекпен бе? Ессіз ғашық болған жас жігіттің көңілі ақылды да сымбатты жардың нәзік жүрегін жаулаймын деп жанталасады. Ал, адал деген ақ адамы арына қара күйе жақса қалай шыдамақ?! Кейіпкерлер: Фарида – Жанар Канимкулова Қайырбай – Толағай Қарасаев Райхан – Роза Ерболатова, Әдемі Нәжмеденова Руслан – Мейрамбек Шакенов, Абзал Құдайбергенов Нәзікеш – Фатима Бердібекова, Дана Ниязова Жұлдыз – Аружан Базарбаева

«AKHTANOV FEST ІІ — 2025» театрішілік фестивалінің жүлдегерлері анықталды

Театр – ұлт жауһары, руханият көзі! Құрметті көрермен! Қолдау – қошаметіңіздің арқасында екінші жыл қатарынан өтіп жатқан фестиваліміз жоғары деңгейде өтті! Бір аптаға созылған фестивальде театрға деген ықыласыңызға куә болдық, қолдауыңызға қуандық! Ендеше, саф өнерге деген зор құрметіңізге алғыс білдіреміз! ⚘ Театр күніне орай өткен «Бекзат өнер» мерекелік кешінде бірқатар театр қызметкерлерінің төбесі көкке жетті. «AKHTANOV FEST ІІ» театрішілік фестивалінің жүлдегерлері анықталып, ықыласыңызға бөленді. Жеңімпаздарды жариялайтын болсақ: «AKHTANOV FEST ІІ» спектакльдер фестивалінің «Үздік ер адам ролі» номинациясын актер Бекжан Қайроллин @bekzhan.baitursyn жеңіп алса, «Үздік әйел адам ролі» номинациясы актриса Фатима Бердібековаға @biby_fatima бұйырды! Қос әріптесіміздің зор шығармашылық табыс тілейміз! Құттықтаймыз! ⚘ 🏆 «Эпизод» номинациясы — Рамазан Отарбаевқа @ramazan_otarbaev, «Актерлік дуэт» номинациясы — Аружан Базарбаева @aroojann_ мен Әділет Мұхтарға @muhtaradlet , «Көрермен көзайымы сыйлығы» — Аслан Төлентайға @aslan_tolentay, «Белсенділігі үшін» номинациясы — Нұрсұлтан Есетке @nursultan_yesset , «Дебют» номинациясы — Ажар Жәрденбекқызына @zhardenbek_a табысталды. Әріптестерімізді жеңісімен құттықтаймыз! «AKHTANOV FEST ІІ» фестивалі аясында көрермендерге арналған байқауының нәтижесі бойынша жеңімпаздарды атап өтер болсақ: 🏆 «Мен театрды сүйемін» номинациясы — Мира Исатайға; @miraisatai 🏆 «Үздік комментатор» номинациясы — Кущанова Индираға; 🏆 «Үздік көрермен» номинациясы — Құрманай Базарбайқызына бұйырды. Көрермен арасында белсенділігімен көзге түскен жеңімпаздарға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.  Құттықтаймыз! Театр тойына атсалысқан барша өнерсүйер қауымға алғыс білдіреміз!

Театр күніндегі салтанат

27 наурыз — Халықаралық театр күніне орай бірқатар ақтөбелік актер марапатталып, концерттік бағдарлама ұсынылды. Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры ғимаратында өткен «Бекзат өнер» мерекелік кешінде жылдағы дәстүр бойынша әуелі сала қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, құттықтау сөз айтылды. — Ең алдымен театр майталмандары мен патша көңілді көрермендерімізді мерекемен құттықтап, бар жақсылықты тілегім келеді. Театр әлемінде еңбек ететін әрқайсысыңыздың рухани құндылықтарды насихаттап, адамдарды ізгілікке, сұлулыққа, тәлім-тәрбиеге шақыруда үлестеріңіз зор. Осынау игі істе барлығыңызға сәттілік, шалқар шабыт тілеймін, — деген облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Әсемгүл Жұманова «Алақай» қуыршақ театрынан Нұргүл Тұрғанова, Мәншүк Сатыбалдина, Ахтанов атындағы театрдан Айгүл Оразалина, Татьяна Юлусоваларға Алғыс хат тапсырды. Сондай-ақ Қазақстанның салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы облыстық филиалы, облыстық, қалалық мәслихаттар, «Амаnat» партиясы, Қазақстан театр қайраткерлері одағының өңірдегі өкілдігі, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясы атынан бірқатар мәдениет саласының өкілі марапатталды. Мерекелік кеште «Akhtanov fest» фестивалінің қорытындысы шығарылып, «Мен театрды сүйемін» аталымы бойынша Мира Исатай, Наталья Короленко, «Үздік комментатор» номинациясы бойынша Индира Кущанова, Роза Юдкина, «Үздік көрермен» аталымы бойынша Құрманай Базарбайқызы, Наталья Демина сынды ақтөбеліктер жеңіске жетіп, әрқайсысына 5 спектакльге арналған 2 адамдық абонемент сыйға тартылды. Ал артистер арасынан Бекжан Қайроллин, Нариман Костыр, Рамазан Отарбаев, Әділет Мұхтар, Нұрсұлтан Есет, Аслан Төлентай, Уәлихан Кенжебаев, Станислав Бахмутов, Артем Москаленко, Елизавета Пятова-Иова, Ажар Жәрденбекқызы, Дарья Магомедова, Ирина Москаленко, Ольга Калашникова, Аружан Базарбаева, Ангелина Недюжина, Фатима Бердібековалар әртүрлі номинациялар бойынша үздік деп танылды. Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театр, «Алақай» қуыршақ театры, «Екі езу» сатира театры, Ақтөбе қаласындағы №23 мектеп-лицейдің балалар театры өнер көрсеткен думанды кеш ән шашуға ұласты. Айбек СЕРІКҰЛЫ.