«BALAUSA» VІІ Халықаралық спектакльдер фестивалі жарияланды!

Қ.Шаңғытбаевтың 100 жылдығына арналған VІІ Халықаралық «BALAUSA» экспериментальды спектакльдер фестивалін жариялайды. Ақын Қуандық Шаңғытбаевтың 100 жылдығына орай Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының ұйымдастыруымен VІІ Халықаралық «BALAUSA» экспериментальды спектакльдер фестивалі 23-27 — қыркүйек айында өтеді. Фестиваль тарихынан: 2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Республикалық жастар және студенттік театрлары арасындағы алғаш рет «Балауса» фестивалі ұйымдастырылды; 2017 жылдың сәуір айында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қазақстан драма театрлары арасындағы II Республикалық «Балауса» экспериментальды қойылымдар фестивалі өткізілді; 2018 жылы сәуір айында Астана қаласының 20 жылдығына және Т.Ахтановтың 95 жылдығына арналған Халықаралық «Балауса» экспериментальды қойылымдар фестивалі өткізілді. 2019 жылы сәуір айында Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған драма театрлар арасында Халықаралық ІV «Балауса» экспериментальды спектакльдер фестивалі өткізілді. 2022 жылдың 20-25 сәуір күндері Халықаралық V «Балауса» экспериментальды спектакльдер фестивалі өткізілді. 2023 жылдың 20-24 сәуір аралығында Т.Жүргеновтың 125 жылдығына арналған VІ Халықаралық «BALAUSA» экспериментальды спектакльдер фестивалі өткізілді. Фестиваль туралы толық ақпарат алу үшін ережемен танысып шығыңыз: Балауса 2025 каз @dramateatr_aqtobe