Театр тынысы

Өңір мәдениетінің қара шаңырағы саналатын Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының ғимараты1944 жылы салынған. Жергілікті сәулет өнері ескерткіштерінің қатарына енгізілген 80 жылдық тарихы бар мәдени ошақ бес жыл бұрын күрделі жөнделіп, шығармашылық құрамы мен техникалық жабдықтары жаңартылған болатын. «Театр үшін жаңа ғимарат салынғалы жатыр» деген сүйінші хабар тек ұжымды ғана емес, мәдениет пен өнерді сүйетін облыстұрғындарын да қуантты. Бұл жаңалық театрдың шығармашылық құрамына да шалқар шабыт пен зор мүмкіндік сыйлайтыны анық. Біз аталған театр директорының орынбасары, Мәдениет саласының үздігі Жандос Еспанбетовпен әңгімелесіп, жаңа ғимарат құрылысы, өнер ұжымының қазіргі тыныс-тіршілігі мен алдағы жоба-жоспарлары туралы білген едік… Жаңа ғимарат құрылысы жазда басталады 2023 жылы желтоқсан айында өңірімізге жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТоқаевтыңТ.Ахтанов атындағы облыстық драма театрына барғанын білеміз. Сол кезде ел Президенті бүгінде халықтың театрға қызығушылығы артып келе жатқанына тоқталып, өнер ордасы ғимаратының тозғанын айтып, облыс әкіміне жаңа театр салуды тапсырған болатын. Мамандар дереу іске кірісіп, қос сахнасы бар, заманауи ғимараттың сызбасын дайындаған. 700 орындық театр Алтын Орда шағын ауданында бой көтермек. — Былтыр Үкіметтің қаулысымен жаңадан салынатын театрдың орны анықталып, жер бөлінді. Жобалаушылармен бірге ішкі жабдықтары ескеріліп, эскиздік жобасы жасақталып жатыр.Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда жобаның 70 пайызға жуығы дайын. Алдағы сәуір-мамыр айларында жоба мемлекеттік сараптамадан өтсе, жазда құрылыс жұмыстары басталатын болады. Бұл — өңіріміздің мәдениеті үшін үлкен жаңалық болатыны анық,— дейді Жандос Еспанбетов. Қазіргі таңда Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында166 қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде әкімшілік құрамы — 13 адам, техникалық құрамы — 63 адам. Шығармашылық құрамның ішінде қазақ труппасында — 50, орыс труппасында 22 актер бар. Жас талапкерлердің алғашқы қадамы Театр қабырғасында өнерге қызығатын жас талапкерлердіңталантын ұштап, талабын шыңдауға жағдай жасалған. Мәселен, мұнда болашақта актер болғысы келетін өнерлі балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ахтанов балалар студиясы» жұмыс істейді. Мұндашеберлік сағаттары жиі өткізіліп тұрады. Сонымен қатар 2010 жылы жастардың эксперименттік бағытта шығармашылығын дамыту мақсатында құрылған «Лестница» зертхана-театрының өнерпаздарының кейбірібүгінде театр спектакльдерінде кейіпкерлерді сомдап жүр. Ал креатив жоба — «Текемет» арт-кеңістігі Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының режиссері Мейрам Хабибуллиннің жетекшілігімен құрылған. Бұл жобаның мақсаты — жастардың жаңа бағыттағы шығармашылығын қолдау және жарыққа шығару. — Былтыр екі жақты меморандум аясында театрымыздың қазақ труппасының құрамы жас актерлармен толықты. Қазақ ұлттық өнер университетінің актерлік өнер бөлімінің 3-курсында оқитын 10 студентдуальды оқыту жүйесімен жұмысқа шақыртылды.Тахауи Ахтанов театрының қабырғасында оқуын жалғастыра жүріп, жұмыс істейтін олар қазіргі таңда сахнада тәжірибелі актерлармен иық тіресе өнер көрсетіп, сонымен қатар театрдан тыс өтетін шараларға ынта-жігерлерімен қатысып, шығармашылықтарын шыңдап жүр, — дейді директордың орынбасары. «Akhtanov Fest» фестиваль-байқауы биыл екінші рет ұйымдастырылып,қойылымдар күн сайын өткізілді.Жандос Еспанбетовтің айтуынша, Халықаралық театр күніндефестиваль қорытындысы бойыншаәлеуметтік желі арқылы ұйымдастырылған байқаудың жеңімпаздарына Алғыс хат пен қалаған спектакліне кіре алатын екі адамдық бес билет берілді. Орыс труппасына — 60 жыл Көрерменінің эстетикалық талғамы биік келетінін түсінетін театр ұжымы соған сайсапалы көркем шығармаларды жарыққа шығару жолында тынымсыз еңбек етеді. Репертуарларынаенгізу мақсатында біраз шығарманы сахналап, көрерменге ұсынып келеді. Мәселен, белгілі режиссер Дина Жұмабаева сахналаған «Қобыланды» эпостық жыр негізінен алынған «Қобыланды» дастан-драмасы. Сондай-ақ биыл италиялық драматург Карло Гоццидің әлемдік классикалық туындылардың қатарына жататын «Турандот ханшайым» пьесасының желісімен сахналанған «Турандот» трагикомедиясы көрерменге жол тартты. Қойылым режиссері және суретшісі — Астана қаласынан арнайы шақыртылған Әлібек Өмірбекұлы.Ол сахналаған қойылымдар халықаралық,республикалық, деңгейдегі театр фестивальдерінде үздік өзгеше көрінісі үшін бірнеше жүлдеге ие болған. Спектакльдердің премьерасына Қазақстанның халық артисі, профессор, кино және театр режиссері Талғат Теменов, театр сыншылары— Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, Халықаралық театр сыншылары бірлестігінің президенті Анар Еркебай, театртанушы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доцентіМеруерт Жақсылықова және Ақтөбе драма театрында қызмет жасап кеткен театр ардагерлері құрметті қонақ ретінде арнайы шақырылды. — Биыл — орыс труппасының құрылғанына 60 жыл. Ақпан айында атап өттік. «Театр: традиция и новаторство» атты ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. «Құрмет» орденінің иегері, театр ардагері Раиса Телеуованыңорыс труппасының тарихы туралы «Нам 60» брошюрасы таныстырылды. Мерекелік іс-шараға еліміздің Ақмола,Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарынан және Ресейдің Мәскеу, Орск, Кострома қалаларынан театр қайраткерлері мен сыншылары, ардагерлер арнайы шақырылды. Конференция соңы «Бізге 60» мерекелік шоу-концертке ұласып, бірнеше актер марапатталды, — дейді Жандос Еспанбетов. Сонымен қатар режиссер Елтай Кемал өзінің 50 жасқа және өнер жолында жүрген шығармашылығына 30 жыл толуына орай Г.Хугайдың «Қиқарлар» комедиясының премьерасын өткізіп, «Жүректегі жылдар» атты шығармашылық кешін жасады. Кеш барысында мемлекет тарапынан Алғыс хаттар табысталды. Мерекелік кешке Мұғалжар, Темір, Ырғыз, Хромтау, Ойыл, Қарғалы, Шалқар аудандарының өкілдері арнайы келіп, құттықтауларын жеткізді. Жеңіс күніне — «Әлия» мюзиклі Қазақ труппасы Ә.Молдағұлованың туғанына 100 жыл толу мерейтойына орай Ә.Дәулетбаеваның «Әлия» мюзиклін дайындап жатыр. Ақтөбе драма театры осы мюзиклді сахналау үшін Астана қаласынан режиссер, «Astana Musical» мемлекеттік театрының көркемдік жетекшісі Есләм Нұртазин мен Алматы қаласынан Н.Сац атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының суретшісі Александра Рычкованы арнайы шақыртқан. Жандос Еспанбетовтің айтуынша, бұл қойылымның премьерасы 7-8-9 мамыр күндеріне жоспарланған. Театр ұжымы маусым айында Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы аясында Астана қаласына Ә.Дәулетбаеваның «Әлия» мюзиклімен гастрольдік сапармен баруға ниеттеніп отыр. Спектакльдер мен сапарлар 24-30 сәуірде Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының 70 жылдық мерейтойына орай КСРО халық артисі С.Майқанова атындағы «Сырдың Сәбирасы-I» халықаралық театрлар фестивалі өтеді. Соған орыс труппасы «Так жить нельзя» спектаклімен баруға дайындалып жатыр. 15 мамыр— Халықаралық отбасы күніне орай қазақ труппасы Мәртөк және Хромтау аудандары орталығына гастрольдік сапармен барып, М.Төленің «Бала батыр» ертегісі мен Ш.Құсайыновтың «Мама» драмасын көрерменге ұсынатын болады. 18-20 мамыр орыс труппасының актері Станислав Бахмутовтың инсценировкасы бойынша Эдвард Олбидің «Что случилось в зоопарке?» трагикомедиясының премьерасының тұсауы кесіледі. Бұл қойылым — С.Бахмутовтың өзіндік жұмысы. Маусым айында М.Мағауиннің көрнекті шығармасы «Тазының өлімі» романының желісімен театр режиссері Мейрам Хабибуллиннің инсценировкасы бойынша сахналанатын қойылымның премьерасы көрерменге ұсынылмақ. Тамыз айындаМөңке бидің 350жылдығына орай драматург Әлікен Жәнібектің «Мөңке би» тарихи драмасының желісімен жаңа қойылымды сахналауға дайындық жұмыстары басталады, премьерақыркүйек айының екінші онкүндігіне жоспарланған. Қойылым режиссері — Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының режиссері Болат Ұзақов. 23-27 қыркүйекте облыс әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның халық жазушысы Қуандық Шаңғытбаевтың 100 жылдығына орай «BALAUSA-VII» халықаралық фестивалі ұйымдастырылмақ. Қазіргі таңда өтініштер қабылданып жатыр. Қазан айының бірінші онкүндігіндеотандық драматургтерді ынталандыру мақсатында облыс әкімінің қолдауымен балалар мен жасөспірімдер шығармашылығына арналған республикалық үздік драматургия байқауы биылүшінші мәрте өткізіледі. Қазір пьесаларды жинақтау жұмыстары басталған. Қазан айындаекі премьера көрерменге жол тартпақ. Біріншісі — орыс труппасы сахналайтын көрнекті балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым — Қожа» драмасы. Екіншісі — қазақ труппасыұсынатын С.Әбдіқалықтың «Көке» драмасы. Қараша айында облыс әкімінің қолдауымен театр ұжымы Франция еліне гастрольдік
Сахна сыртындағы шеберлер

Көрермен көзі тек сахнадағы бейнелерді көреді. Ал кейіпкерлердің шынайы шығуына тер төгіп жүрген мамандардың еңбегі көбіне атаусыз қалады. Олар бояумен бейне жасайды, матадан мінез құрайды, қылқаламмен кейіпкердің болмысын ашып береді. Бүгінгі мақалада біз Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының тыныс-тіршілігіне дем беріп жүрген — гримдеуші, костюмер, көркемдік суретші тәрізді шығармашылық мамандарының қызметіне үңілдік. Сонымен… …Кешкі қойылым алдындағы театр ішіндегі қарбаласқа тап болдым. Әдеттегідей қойылымнан 2-3 сағат бұрын келетін костюмер, көркемдік суретшілер мен гримдеушінің жұмысы қызған. Бірі қол бұрғысымен декорацияны бекітіп жатса, енді бірі актердің киімін үтіктеп, сахна артына дайындауда. Ал грим шебері бояу құралдарын түгендеп, сахналық бет-әлпетті түрлендіруге қажет жасанды сақал, мұрт, шаш сынды керек-жарақтарды ретке келтіріп отыр. Әрқайсысының қызметі сахналық шындық пен образ толықтығына қызмет етеді. Нәтижесінде көрермен көз алдынан шынайы өмір суреттерін өткізгендей әсер алады. Грим — бейнені шындыққа айналдыратын өнер Көрерменге кейіпкердің түр-тұлғасы, жас ерекшелігі, эмоциясы шынайы көрінуі үшін сахна сыртында сан сағаттық еңбектің жатқанын бірі білсе, бірі біле бермейді. Театр гримшісі Зәмзәгүл Құлмұханова бұл салада 18 жылдан бері қызмет етіп келеді. Алғашында суретші мамандығын меңгерген ол кейін театрға бет бұрып, актерлердің сахнаға шығуына дайындық жасауды өз мойнына алған. —2006 жылдан бері осы театрда еңбек етіп келемін. Негізгі мамандығым — сурет және сызу пәнінің мұғалімі. Жалпы, кейіпкердің сыртқы бейнесін жасау үлкен төзімділік пен тиянақтылықты талап етеді. Өйткені кейбір кейіпкердің сахналық бейнесін келтіруге 2-3 сағат уақыт жұмсаймыз. Гриммен жұмыс істеу кезінде алдымен режиссердің кеңесіне жүгінеміз. Ол кейіпкердің сахналық мінезі, болмысы, көңіл күйі қандай болатынын егжей-тегжей айтып береді. Театрда үш грим шебері бар. Кейіпкердің бетіне түсетін сахналық жарықты ескеріп, бояуды қанық әрі анық етіп жағамыз. Әр әжімді, көз астындағы көлеңкені де шынайы етіп саламыз, — деді ол. Бұл салаға, әсіресе жастардың келуі аз дейді маман. Бірақ өнерді сүйетін адамдар үшін бұл жер нағыз шығармашылықтыңортасы. Қарапайым актерден кейіпкер жасау — гримдеушінің шеберлігі. Жалпы, сахна сыртындағы шығармашылық еңбек ешқашан көрерменге байқалмайды. Ал осы мамандардың еңбегімен жасалған кейіпкердің бейнесін көрермен ұзақ уақыт есте, тіпті жүректе сақтайды. Шымылдық артындағы жұмысын сүйетін Зәмзәгүл:«Актерлер кейде шағым айтатын сәттер болады, бірақ біз оны реніш деп қабылдамаймыз. Ол — шығармашылық процесс. Бірден түзеп, қайта жасап береміз. Бұл ортада бәріміз бір отбасымыз. Сахнадан көрген бейнеге көрермен сенсе —еңбектің ақталғаны», — деді З.Құлмұханова. Костюмер Ақиіс Сахнаға шыққан әрбір актердің киімі — оның мінезін, дәуірін, кейде ішкі жан-дүниесін де көрсететін маңызды бөлік. Бұл киімдер өздігінен дайын болмайды. Оның артында іскерлік пен шеберлікті қатар ұштастырған, бейнені киім тілімен сөйлететін костюмерлердің ерен еңбегі жатыр. Ақиіс Андағұлова — сондай мамандардың бірі. Ол 30 жылға жуық театрда еңбек етіп келе жатқан киім цехының меңгерушісі. Театрдағы жолы актрисалықтан басталғанымен, тағдыр оны костюм әлеміне алып келді. Қазір ол әр қойылымның дайындығынан бастап, актердің сахнаға жарқырап шығуына дейінгі бүкіл процестің басы-қасында жүреді. — Киім актердің кейіпке енуіне әсер ететін көмекші құрал іспетті. Сахнада өзін еркін сезіну үшін киім ыңғайлы, таза әрі толық образға сай болуы қажет. Бұл — біздің басты міндетіміз. Әр актердің өзінің сахналық киімі болады. Мен қазақ және орыс труппасының актерлерімен жұмыс істегендіктен екі труппаның киімдерін бір-біріне араластырмаймын, — деді ол. Сұхбат барысында қазақ және орыс труппасының актерлері киетін киім цехына кірдік. Қызылды-жасылды сахналық киімдер көздің жауын алады. Сол киімдердің тап-тұйнақтай, таза, үтіктелген күйде тұруы — Ақиіс апайдың орнатқан тәртібінің нәтижесі. Оның әріптестері де ол жайлы: «Ақиіс әр қойылымның киімін, әр актердің не киетінін жатқа біледі», — дейді.«Махаббат бекеті», «Қобыланды», «Келіндер көтерілісі», «Мама», «Қиқар», «Арамыз жылып қалар», «Алғашқы махаббат», «Жеті лақ»… тізбектей жинаған киімдерді осылайша қойылым атауымен атай кеткені расымен таңғалдырды. — Актер сахналық киімін кигендеөзінің таныс иісін сезіп, сахнада сенімді бола түседі. Біз жай ғана костюмер емес, психолог сияқтымыз. «Мынау саған құйып қойғандай. Осы кейіпкерге шынымен ұқсап қалдың» деген сөздер арқылы актердің көңіл күйіне қарап, қолпаштап, шабыт береміз, — деді ол. Тізімінен шығып қалған театр қойылымының киімдерін де сақтайтын ол кейде киімге «екінші өмір» сыйлайтынын айтады. Өйткені көркемдік суретшінің жаңа образына ұқсас болса, оны қоймадан тез-ақ тауып береді. Бұл көркемдік суретшінің де тігіншінің де жұмысын жеңілдетеді. —Кейде қойылым кезінде бір актер бірнеше рет киім ауыстырады. Сол сәтті бақылап тұрып, шымылдықтың артына шыққан актердің киімін лезде ауыстырып, басқа кейіпке келтіреміз. Мысалы, көбіне соғыс, төбелес сахналарында актердің киімі кір, жыртық болады. Көбі сол киімдерді сахнада шынымен жыртады деп ойлайды. Шындығында олай емес. Біз бір киімнің жыртық және лас үлгісін қоса тіктіреміз, — деді А.Андағұлова. Ол актердің баскиімінен бастап аяқкиіміне дейін жауапты. Сахнаға жарқырап шыққан әріптестерімді көргенде іштей өз жұмысыма риза болып қаламын дейді. Отыз жылын осы ордада өткізген ол театрды ерекше құрметтейтінін жеткізді. Тек сахна сыртындағы еңбек те бағаланса деген ниетте… Суретшінің сызбасы Сахналық костюм, түс, мата — көркемдік суретшінің қиялы мен қолтаңбасы. Театрдың жас әрі кәсіби суретшісі Айдана Жылқаманова — Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегі. Ол соңғы бес жылда оннан астам қойылымға костюм эскизін дайындап, өзіндік шығармашылық жолын қалыптастырып үлгерген. — Театрдағы жұмысымды бес жыл бұрын бастадым. Көбі менің жұмысымды костюмерлермен шатастырады. Алайда олардан айырмашылығым — кейіпкерге сай киім үлгісін сызып, киімнің матасын таңдап, тігу процесіне дейін жауаптымын, — деді ол. Айдана қойылымның сценарийімен алғашқылардың бірі болып танысады. Өйткені сахнада көрінетін бейне,ең алдымен, оның қиялында пайда болады. Режиссер қойылым идеясын айтқан сәттен бастап, суретші кейіпкерлердің болмысын ойша елестетеді. — Қиялымдағы бейне қағаз бетіне түспес бұрын, ол менің ойымда өмір сүреді. Қойылым сюжетімен ерте танысу — менің кейіпкерді ішкі жан-дүниеммен сезінуіме көмектеседі. Ол қандай адам? Қандай мінезі бар? Оның үні қандай, жүрісі қандай, өткен өмірі қандай? Соның бәрін зерделеп барып, сызбаға кірісемін. Бұл — сырт келбетті ғана емес, ішкі дүниені кестелеу, — дейді Айдана. Театрлық костюм — кейіпкер табиғатын ашатын маңызды құрал. Режиссердің идеясын тыңдап,талантымен ұштастырыпкиім үлгілейтін ол осы кезге дейін оннан аса қойылымға киім үлгісін сызған. Шамамен әр қойылымда оннан аса кейіпкер болады. —Бұрын үлгіні қағазға сызатынбыз. Ол бірнеше күніңді алады әрі қордаланған сызбаларды сақтау қиындық тудыратын. Ал қазір заманға сай гаджетке көштім. Бұл түзетулер енгізуді жеңілдетеді. Режиссер киімге өзгеріс енгізу жайлы ұсыныс айтса, бір сәтте-ақ өзгертемін. Бұл шығармашылық еркіндік пен уақыт үнемдеуге жол ашады. Бір киімді үлгілеу — бір бейнені жасау деген сөз,— дейді А.Жылқаманова. Айдана үшін көркемдік цех — шабыт пен жан тыныштығының ордасы.Ол отырған кабинетте расымен шығармашыл адам жұмыс істейтіні байқалады. Сөреде тұрған құрал-саймандар, қағаз қиындысы, бояудың түр түрі шағын шеберхана тәрізді. Оған сол бояудың, желімнің иісін қосыңыз. — Мұндағы бояу, желім, мата иістері көпшілікті мазаласа, маған шабыт сыйлайды. Бұл орта —