Т.Ахтанов атындағы

Ақтөбе драма театры

Т.Ахтанов атындағы

Ақтөбе драма театры

Темір нарком

31 — мамыр, 18:00 Қоюшы режиссері Мейрам Хабибуллин Еліміздің мәдениеті мен әдебиетін жандандырып, қасиетті өнердің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтің қилы тағдыры кімді болмасын бейжай қалдырмасы анық. Қойылымда қазақ ұлтының жоғын түгендеп, ұлт намысын ұран тұтқан тұлғаның халық ағарту комиссары қызметінде жүргенде елі үшін жасаған еңбегі, сол кездегі қазақ оқығандарының жан күйзелісі, сатқындық пен жауыздыққа деген қарсылығы баяндалады. Қазақ халқының өшпес шырағына айналған Темірбек Қараұлы Жүргенов туралы тағылымы мол тарихи драма көрермендерге Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұсынылмақ. Рөлдер мен орындаушылар: Темірбек Қараұлы Жүргенов Нұрболат Өтеғұлов Дәмеш Ермекова Жүргенова Айгүл Оразалина,Жанна Өтеген Қара Жүргенұлы Әсет Оразалин Мәдениет саласының үздігі Левон Мирзоян Мейірбек Шакенов Ғабит Мүсірепов Нұрсұлтан Айтқалиев Күләш Байсейітова Жанар Кемалбаева Шара Жиенқұлова Әдемі Нәжмеденова Қанабек Байсейітов Бағдат Телеуғалиев Құрманбек Жандарбеков Толағай Қарасаев Жамбыл Жабаев Абзал Құдайбергенов Ілияс Омаров Есет Оразалин НКВД қызметкері Дәурен Нарман, Бекжан Қайроллин, Аслан Төлентай Қазақ Кеңес Кемалбаев Мәдениет саласының үздігі Малакаевтың Әйелі Роза Ерболатова,Сандуғаш Қарсақбаева

Екеуміз ғана

28 — мамыр, 18:00 Режиссер М.Хабибуллин Спектакль махаббат хикаясын баяндайды. Олардың бір-бірінен ерекшеленетіні соншалық, еріксіз сұрақ туындайды: бұл екеуі бұрынғы қарым-қатынастарының қайғылы тәжірибесіне қарамастан бірге бола ала ма? Таңдаудың белгісіздігі, шешім қабылдай алмау, өз қалауыңызға деген сенімсіздік — Джерри мен Гитель драмасының себептері. «Ол» және «ол» болғанша — жалғыздық адамның табиғи емес күйі болады. Біз әрқашан өз жартымызды іздейтін боламыз, бірақ ең қиыны-іздеу емес, басқа адамды онсыз қалай болса солай түсіну және қабылдау қабілеті, махаббат қаншалықты күшті болса да, ол бізді бірге ұстай алмайды. Спектакльді көргеннен кейін тағы бір сабақ алуға болады: алдыңғыларына батыл нүкте қоймай, жаңа қарым-қатынас орнату қиын. Рольдерді сомдаушы: Гитель — Ф.Бердібекова Джери — Б.Телеуғалиев, М.Абилхасанов   КУПИТЬ БИЛЕТЫ

Мама

27-мамыр, 18:30 Қоюшы режиссері – Мейрам Хабибуллин Ана-балаларын шексіз сүйіспеншілік пен қамқорлыққа бөлеп жүрегінің нұрын төксе де, ересек болып анадан алыстаған сәтте, баланы қоғам өзінше тәрбиелейді, орта оның санасын қалыптастырады. Иә, бауырлар неге алыстады, ананың шексіз махаббатын неге сағынды, неге бір-біріне жат болып, суық қарым-қатынас ұлғайды? Кенет ананың айықпас дертке шалдыққаны белгілі болған сәтте, таңдау кімге жүктелді, шешімі қалай және ағайын бір-біріне қалай қолдау көрсету керектігін анықтауы тиіс. Осы қиын-қыстау кезеңде олардың қайсысы науқас анаға қамқор бола алады? Міне осы сұрақтар, спектакльдің негізгі өзегі болмақ. Рөлдерді сомдаушы: 1. Мама Майгүл Мұзбаева ҚР «Құрмет» орденінің иегері 2. Мақсұт Толағай Қарасаев 3. Айман Асила Төреғалиева, Әдемі Нажмеденова 4. Ислам Бағдат Телеуғалиев, Еламан Досжанов 5. Майра Жанар Қанымқұлова «ҚР Мәдениет саласының үздігі» 6. Ынсап Бекжан Қайроллин 7. Гүлшара Фатима Бердібекова 8.Кенже Айдархан Мырзалы, Айдос Тасболатов 9. Сағыныш Дана Ниязова 10. Альфред Арман Ахметов 11. Злиха Айнагүл Өлмесекова «ҚР Мәдениет саласының үздігі» 12. Әлмұхамед Кеңесбек Кемалбаев «ҚР Мәдениет саласының үздігі», Дәурен Нарман «ҚР Мәдениет саласының үздігі» 13. Гүлсім Мөлдір Ғанибекова 14. Райхан Жансая   КУПИТЬ БИЛЕТЫ

Алғашқы махаббат

25-мамыр, 18:00 Қоюшы режиссер – М. Хабибуллин Бұл қызығы мен мұңы аралас албырт кезеңдегі аяулы сезім. Сірә, махаббат «машақатын» көрмеген жан кемде-кем болар. Ал алғашқы сезімі ұстазына оянып, өзінен әлдеқайда үлкен қызға ғашық болған бозбала жайлы естіп пе едіңіз? Бұл албырттық па, әлде ақымақтық па? Бәлкім бұл шынайы сезім шығар. . Мектеп өмірінің кіршіксіз сәттері, алғашқы махаббат, бейкүнә сезімдер суреттелетін қойылым көрермен көңіліне қуаныш сыйлады деген үміттеміз. Рольдерді сомдаушы: 1. Қанат оқушы А. Төлентай, Н. Есет 2. Гүлзат жас мұғалім Ж. Қанымқұлова, А. Турегалиева 3. Қайыржан оқушы қанаттың досы Б. Қайроллин, Р. Төрежанов 4. Айтгүл оқушы, староста Ф. Бердібекова 5. Сайра оқушы Д. Ниязова 6. Жасболат оқушы Б. Телеугалиев,А.Ахметов 7. Еділ оқушы А. Сисенов, М. Ерғалиев 8. Ержан оқушы Е.Досжанов 9. Айбол ересек жігіт М. Шакенов, Т. Карасаев 10. Батыр жас жігіт М. Абилхасанов 11. Директор М. Музбаева, Ж. Сұлтанқұлова Көпшілік сахнада: Е. Досжанов, М. Ғанибекова, А.Базарбаева, А.Ахмет

Қиқарлар

22 — мамыр, 18:30 Қоюшы режиссері  Елтай Кемал Г. Хугаевтың «Қиқарлар» пьесасы адам табиғатындағы қайшылықтар мен юморлық жағдайларды бейнелейтін комедия. Күнделікті тұрмыс пен адамдар арасындағы ұсақ-түйек мәселелер арқылы өмірдің мәні, достық пен татулықтың маңызы терең жеткізіледі. Шығарма ауыл өмірін суреттейді, онда басты кейіпкерлер Андро мен Сандро арасындағы қарым-қатынастар күлкілі, бірақ ойландыратын жағдайларға толы. Андроның бірбеткейлігі мен Сандроның қыңырлығы көршілерді жиі жанжалға, ал олардың әрекеттерін сырттай бақылап жүрген Марго оқиғаларды одан әрі шиеленістіреді. Кейіпкерлер қателіктерін түсініп, татулықтың маңызын ұғына аладыма? Шешімін театрға келіп көріңіз Рөлдерді сомдаушы: 1. Андро — Елтай Кемал 2. Сандро — Шынтас Омаров 3. Марго — Айнагүл Өлмесекова 4. Көшер — Роза Ерболатова, Жанар Канымкулова 5. Бибо — Мейрамбек Ерғалиев 6. Дудар — Шыңғыс Тельманов 7. Андроның қызы — Дана Ниязова   КУПИТЬ БИЛЕТЫ

«Ревизор»

21 — мамыр, 18:30 КУПИТЬ БИЛЕТЫ   «Ревизор келе жатыр!». «Келе жатыр» деген сөз — біреу үшін сүйініш, біреу үшін күйініш. Бұл қойылымда күйініш басым ба, сүйініш басым ба? Оны театрға «Ревизордан» бұрын келіп отырсаңыздар, байқайсыздар. Ендеше, театрға асығыңыздар, құрметті өнер сүйер қауым! Рөлдерді сомдаушы: Антон Антонович Скозник Дмухоновский-дуанбасы- Дәурен Нарман, Қазихан Балдаиров (городничий) Анна Андреевна- Майгүл Мұзбаева, Толқын Жандыбаева Мария Антоновна-Жанна Сұлтанқұлова, Айгүл Оразалина Лука Лукич Хлопов-Толағай Қарасаев Петр Иванович Бобчинский -Мейрамбек Ерғалиев Петр Иванович Добчинский-Бекжан Қайроллин Ляпкин-Тяпкин судья- Мейірбек Шакенов Артемий Филиппович-Әсет Оразалин Иван Кузмичь Щепкин-Кеңес Кемалбаев Иван Александрович Хлестаков-Бағдат Телеуғалиев Осип-Марс Әбілхасанов Христиан Иванович Гибнер-уездный доктор-Абзал Құдайбергенов Тышқандар-Есет Оразалин, Нұрсұлтан Айтқалиев Қызметші-Нұрсұлтан Айтқалиев

«Әлия» мюзиклі. Премьера!

7- 8 – 9 — мамыр, сағат 18:30 КУПИТЬ БИЛЕТЫ   Қоюшы режиссері – Есләм Нұртазин Қоюшы суретші – Александра Рычкова Композитор – Ақжол Өмірзақов Дыбыс режиссері – Мақсат Есқали Хореограф – Омар Мухамметалиев Бейнесуретші – Дмитрий Соболев   Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігін баяндайтын тарихи-биографиялық музыкалық пьеса. Шығармада оның қиын балалық шағы, әскери өмірі және майдандағы ерлігі көрініс табады. Әлияның қайсарлығы мен Отанға деген сүйіспеншілігі драмалық тартыстар мен әсерлі диалогтар арқылы ашылады. Қойылымдағы ерекше образ – «Ажал» кейіпкері, ол Әлияның тағдырымен бетпе-бет келіп, оның рухын сынайды. Қылықты да сұлу Әлияның мінезге бай болмысы арқылы қазақ қызының табиғи болмысы көрінеді. Музыкалық сүйемелдеумен өрнектелген қойылым  батыр қыз бейнесіне өзгеше қасиет дарытқан. Жаңаша серпіліс тұғызар мюзиклдің театрсүйер көрерменге берері мол.   Рөлдерді сомдаушы:   Әлия –  Фатима Бердібекова, Ажар Жәрденбекқызы Кішкентай Әлия – Наргиз Күнғали Бағдат – Ерсін Сәрсенбеков Нина – Дана Ниязова, Аружан Базарбаева Людмила – Айгүл Оразалина ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Комбат – Толағай Қарасаев, Аслан Төлентай Әбубәкір – Кеңес Кемалбаев ҚР «Мәдениет саласының үздігі», Мейірбек Шәкенов Ажал – Бағдат Телеуғалиев, Еламан Досжанов Анасы – Айнагүл Өлмесекова ҚР «Мәдениет саласының үздігі», «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Әкесі – Шынтас Омаров Сахнада: Жарқынай Жалғасова, Аида Қабылбекова, Нұрай Нұрлан, Нұрсұлтан Есет, Арман Ахметов, Айбол Қозбақ, Рахат Төрежанов, Нұрпейіс Қазымбетов, Шыңғыс Тельманов, Абзал Құдайберген ҚР «Мәдениет саласының үздігі», Әділет Мұхтар, Рамазан Отарбаев, Дамир Сейсенбек Билетті Тикетон кз сайтынан  немесе театр кассасынан ала аласыздар!        

Болашаққа хат

6 мая, 18:30 КУПИТЬ БИЛЕТЫ РЕЖИССЕР Елтай Кемал МУЗЫКАМЕН КӨРКЕМДЕУШІ Елтай Кемал, Тимур Ерімбетов КОСТЮМ СУРЕТШІСІ Айзат Ордабаева РЕЖИССЕРДІҢ АССИСТЕНТІ  Толқын Жандыбаева Осыдан бес ай бұрын, кездейсоқ, мектеп терезесінен құлап кеткен мұғалімнің қазасына ата-аналар кінәлі ме? Қылмысты жасаған кім? Жасөспірімдердің болашаққа жазған хатында қандай құпия жасырылған? Ата-ана мен балалар арасындағы түсінбеушіліктің шешілу жолдары бар ма ? Санадағы сан сұрақтың жауабын тапқыңыз келсе, театрға келіңіз! Рөлдерді сомдаушы: 1. Несіпбек Думанбай — Толағай Қарасаев 2. Эрнест Мырзабеквич — Әсет Сисенов 3. Берік Рысбек — Нұрсұлтан Айтқалиев 4. Қарлығаш — Роза Ерболатова 5. Ескендір Ысқақ — Абзал Құдайбергенов 6. Қыздың елесі — Дана Ниязова, Мөлдір Ғанибекова        

Бір түп алма ағашы

3 мая, 18:00 «Бір түп алма ағашы» психологиялық драмасы — туған ауыл, өскен шаңыраққа деген әрбір адамның парызын қайта оралтып, көп ойларға жетелейді. Ауылда науқас баласымен қалған ана мен қалада тұратын балаларының кереғар тірліктері жаныңды күйзелтіп, еріксіз мұңға бөлейді.Психологиялық драманы көре отырып, әрбір көререннің туған ел ғана емес, туған шаңырақ пен ата-ана алдындағы перзенттік парызы атойлап шыға келеді.Басты кейіпкер Ана мен оның мүгедек баласы, қаладан келгенүлкен ұл, тұрмыстығы қыздар мен күйеу балалар- сан түрлі мінез-құлықтың иелері. Көрерменге көп ой салып, жанарына жас үйірілтетін осындай шығарма жан дүниенің таза болуына үндейді. Рөлдерді сомдаушы: Дәметкен ана — Шалқия Бақытжанова ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР «Құрмет» орденінің және «Облысқы сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері, Майра Ілиясова ҚР Мәдениет саласының үздігі Ерғали- Кеңес Кемалбаев ҚР Мәдениет саласының үздігі, Сержан Аманқұлов ҚР Мәдениет саласының үздігі Әлия — Майгүл Мұзбаева ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР «Құрмет» орденінің иегері, Толқын Жандыбаева «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Ләйла Роза Ерболатова ҚР Мәдениет саласының үздігі, Айгүл Оразалина ҚР Мәдениет саласының үздігі, Мақсат Нұрсұлтан Есет, Бекжан Қайроллин, Шыңғыс Телманов Тұрсын Абзал Құдайбергенов ҚР Мәдениет саласының үздігі Зарқымбек Қазихан Балдаиров ҚР Мәдениет саласының үзідігі, Әсет Оразалин ҚР Мәдениет саласының үзідігі, Дәметкен Құсайынова ҚР Мәдениет саласының үздігі КУПИТЬ БИЛЕТЫ

Арамыз жылып қалар…

1 мая, 18:30  КУПИТЬ БИЛЕТЫ Қоюшы режиссері — Мейрам Хабибуллин Жас ерекшелігі  16+  Сұлу әйелдің бақыт құшағындағы бал күндерінің бағытын «тосын сыйларға» толы тағдыры бір сәтте басқа арнаға бұрып әкетті. Кейіпкер өзінің өлшеулі өмірін ақылмен сүре ме әлде жүрекпен бе? Ессіз ғашық болған жас жігіттің көңілі ақылды да сымбатты жардың нәзік жүрегін жаулаймын деп жанталасады. Ал, адал деген ақ адамы арына қара күйе жақса қалай шыдамақ?! Кейіпкерлер: Фарида – Жанар Канимкулова Қайырбай – Толағай Қарасаев Райхан – Роза Ерболатова, Әдемі Нәжмеденова Руслан – Мейрамбек Шакенов, Абзал Құдайбергенов Нәзікеш – Фатима Бердібекова, Дана Ниязова Жұлдыз – Аружан Базарбаева