Т.Ахтанов атындағы

Ақтөбе драма театры

Т.Ахтанов атындағы

Ақтөбе драма театры

«Тазының өлімі». Премьера!

Режиссері Мейрам Хабибуллин Повесте қазақ даласының ескі салты мен аңшылық өнердің қадірін білетін қарт аңшы мен оның сенімді серігі — тазы арасындағы ерекше байланыс суреттеледі. Тазының өлімі — бір иттің өлімі ғана емес, ол — тұтас бір дәуірдің, ұлттық дәстүрдің жоғалуын білдіретін символ. Жазушы шығармасы арқылы ұлттың рухани құндылықтарына деген құрметтің әлсіреуін, замана бетбұрысының адамдар санасына қалай әсер ететінін шебер жеткізеді. Рөлдерді сомдаушы: 1. Тазы — Бағдат Телеуғалиев 2. Қазы — Кеңес Кемалбаев ҚР «Мәдениет саласының үздігі», «Дара» төсбелгісінің иегері 3. Қазы-2 — Мейірбек Шәкенов 4. Әділ — Аслан Төлентай 5. Есенжол — Бекжан Қайроллин 6. Қазының әйелі — Майгүл Мұзбаева ҚР «Құрмет» орденінің иегері 7. Тазының анасы — Жанар Қанымқұлова ҚР «Мәдениет саласының үздігі» 8. Тазының анасы-2 — Фатима Бердібекова