III Республикалық үздік драматургия байқауы өз мәресіне жетті!

Бүгін Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында балалар мен жасөспірімдер шығармашылығына арналған III республикалық үздік драматургия байқауының қорытынды кеші өтті. Кешке Қазақстанның театр саласындағы белгілі тұлғалар –Амангелді Мұқан — М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Театр және кино бөлімінің меңгерушісі, өнертану кандидаты, театртанушы; Думан Рамазан — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық “ Алаш” сыйлығының лауреаты, ұлттық “Айбоз” сыйлығының иегері, ТҮРКСОЙ берген “ Түркі әлемінің ең үздік драматургы”; Мұрат Қолғанат — Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық дарама театрының «Әдеби-драма» бөлімінің қызметкері, драматург қатысып, қазіргі қазақ драматургиясының өзекті мәселелері жайында пікір алмасты. Жеңімпаздар: Балаларға арналған ертегі (5–10 жас): Сағадат Ордашева — «Мама-музей»ертегі (350 000тг ) Манарбек Қыдырбай — «Қыран» ертегі (300 000тг) Манарбек Қыдырбай — «Қасқыр мен жеті лақ» ертегі (250 000) Жасөспірімдерге арналған драма (18 жасқа дейін): Ольга Малышева — «Айдол» драма (350 000тг) Наурызбай Асылбеков — «Тоқылдақ» драма ( 300 000тг) Аян Салдатхан — «Ғарышкер» драма ( 250 000тг ) Бұл байқау — жас қаламгерлердің шығармашылық тынысын ашып, қазақ театрының болашағына жаңа леп әкелген маңызды жоба.