Театр – ұлт жауһары, руханият көзі!
Құрметті көрермен!
Қолдау – қошаметіңіздің арқасында екінші жыл қатарынан өтіп жатқан фестиваліміз жоғары деңгейде өтті! Бір аптаға созылған фестивальде театрға деген ықыласыңызға куә болдық, қолдауыңызға қуандық! Ендеше, саф өнерге деген зор құрметіңізге алғыс білдіреміз! ⚘
Театр күніне орай өткен «Бекзат өнер» мерекелік кешінде бірқатар театр қызметкерлерінің төбесі көкке жетті. «AKHTANOV FEST ІІ» театрішілік фестивалінің жүлдегерлері анықталып, ықыласыңызға бөленді.
Жеңімпаздарды жариялайтын болсақ:
«AKHTANOV FEST ІІ» спектакльдер фестивалінің «Үздік ер адам ролі» номинациясын актер Бекжан Қайроллин @bekzhan.baitursyn жеңіп алса, «Үздік әйел адам ролі» номинациясы актриса Фатима Бердібековаға @biby_fatima бұйырды! Қос әріптесіміздің зор шығармашылық табыс тілейміз! Құттықтаймыз! ⚘
🏆 «Эпизод» номинациясы — Рамазан Отарбаевқа @ramazan_otarbaev, «Актерлік дуэт» номинациясы — Аружан Базарбаева @aroojann_ мен Әділет Мұхтарға @muhtaradlet , «Көрермен көзайымы сыйлығы» — Аслан Төлентайға @aslan_tolentay, «Белсенділігі үшін» номинациясы — Нұрсұлтан Есетке @nursultan_yesset , «Дебют» номинациясы — Ажар Жәрденбекқызына @zhardenbek_a табысталды.
Әріптестерімізді жеңісімен құттықтаймыз!
«AKHTANOV FEST ІІ» фестивалі аясында көрермендерге арналған байқауының нәтижесі бойынша жеңімпаздарды атап өтер болсақ:
🏆 «Мен театрды сүйемін» номинациясы — Мира Исатайға; @miraisatai
🏆 «Үздік комментатор» номинациясы — Кущанова Индираға;
🏆 «Үздік көрермен» номинациясы — Құрманай Базарбайқызына бұйырды.

Көрермен арасында белсенділігімен көзге түскен жеңімпаздарға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды. Құттықтаймыз!
Театр тойына атсалысқан барша өнерсүйер қауымға алғыс білдіреміз!


