Қ.Шаңғытбаевтың 100 жылдығына арналған VІІ Халықаралық «BALAUSA» экспериментальды спектакльдер фестивалін жариялайды.
Ақын Қуандық Шаңғытбаевтың 100 жылдығына орай Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының ұйымдастыруымен VІІ Халықаралық «BALAUSA» экспериментальды спектакльдер фестивалі 23-27 — қыркүйек айында өтеді.
Фестиваль тарихынан:
- 2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Республикалық жастар және студенттік театрлары арасындағы алғаш рет «Балауса» фестивалі ұйымдастырылды;
- 2017 жылдың сәуір айында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қазақстан драма театрлары арасындағы II Республикалық «Балауса» экспериментальды қойылымдар фестивалі өткізілді;
- 2018 жылы сәуір айында Астана қаласының 20 жылдығына және Т.Ахтановтың 95 жылдығына арналған Халықаралық «Балауса» экспериментальды қойылымдар фестивалі өткізілді.
- 2019 жылы сәуір айында Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған драма театрлар арасында Халықаралық ІV «Балауса» экспериментальды спектакльдер фестивалі өткізілді.
- 2022 жылдың 20-25 сәуір күндері Халықаралық V «Балауса» экспериментальды спектакльдер фестивалі өткізілді.
- 2023 жылдың 20-24 сәуір аралығында Т.Жүргеновтың 125 жылдығына арналған VІ Халықаралық «BALAUSA» экспериментальды спектакльдер фестивалі өткізілді.
Фестиваль туралы толық ақпарат алу үшін ережемен танысып шығыңыз:


