Т.Ахтанов атындағы

Ақтөбе драма театры

Т.Ахтанов атындағы

Ақтөбе драма театры

Басты бет   /   Гастрольдер мен фестивальдар

Гастрольдер мен фестивальдар

Фестивальдар:

1987 жылы

Петропавлда өткен Республикалық театр фестивалінде «Цар Федор Иоаннович» қойылымымен  (1–ші дәрежелі лауреат).

1996 жылы

Павлодар қаласында өткен республикалық фестивалде Л.Герштің  «Эти свободные бабочки» спектаклімен (2–ші дәрежелі лауреат).

1997 жылы

Алматы қаласында Юнеско көлемінде ұйымдастырылған М.Әуезовтың 100 жылдығына орай өткен халықаралық театр фестивалінде М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» спектаклінде Қ.Байдайыров «Үздік 2-ші пландағы бейнесі» диломын және күміс медалін иеленді.

2002 жылы

жылы Алматы қаласында Ғ.Мүсіреповтің 100 жылдығына орай өткізілген Х-Республикалық театр фестивалінде Ш.Бақытжанова «Аңыз ана» қойылымындағы Ана образы үшін «Үздік ана» номинациясымен марапатталды.

2004 жылы

Алматы қаласында XVII-«Шабыт» Халықаралық жастар фестивалінде Елтай Кемал М.Мақатаевтың «Арпалыс» спектаклін үздік қойғаны және басты рөлдегі бейнесі үшін лауреат.

2005 жылы

Қызылорда қаласында өткен Республикалық фестивалде режиссер С.Виттих Д.Бональдің «Беспощадна как сердце» спектаклін қойғаны үшін лауреат.

2007 жылы

Республикалық фестивалде Қ.Жетпісбаевтың «Бала мерген» шығармасымен «Ең үздік балалар ертегісі» номинациясымен марапатталды.

2012 жылы

Орал қаласында өткен ХХ Республикалық драма театрлар фестиваліне  Ш.Айтматовтың «Пегий пес, бегущий краем моря»  спектаклімен қатысты.

Алматы қаласында өткен Халықаралық IV- Орталық Азия театр фестивалінде Г.Лорканың «Дом Бернарды Альбы» спектакліндегі қызметкер Понсийдің рөлі үшін «Құрмет» орденінің иегері, Раиса Телеуова «Ең үздік әйел рөлі» номинациясының иегері.

2013 жылы

Ақтөбе қаласында Т.Ахтановтың 90 жылдығына байланысты  ұйымдастырылған XXI – ші Қазақстан драма театрларының Республикалық фестивалінде Т.Ахтановтың «Ант» қойылымын сахналап, Ақтөбе облысы әкімінің арнайы сыйлығымен марапатталды. Режиссер Б.Нұрғалиев О.Марктің «Время-это птица» қойылымын қойғаны үшін «Режиссерлік дебют» номинациясы бойынша марапатталды.

2017 жылы

Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан драма театрлары арасында II Республикалық «Балауса» эксперименталды қойылымдар фестивалінде режиссері М.Хабибуллин қоюымен шығарылған Б.Абдуразаковтың «Әйел сыры» қойылымы «Эксперименталды ізденістері үшін» номинациясын ие болды.

Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өткен дүниежүзілік   балалар және қуыршақ театр фестиваліне  А.Артықбаеваның «Кім патша?» ертегісімен (режиссер М.Хабибуллин) қатысты.

Шымкент қаласында өткен «Ашық алаң» республикалық Тәуелсіз театр фестиваліне облыстық драма театры жанындағы «Лесница» шығармашылық зертханасы   И.Вырыпаевтың «Это есть весь я» (қойылымның инсценировкасын жасап, музыкамен көркемдеген О.Павлова) спектаклімен қатысып, «Лучший, новейший образец постановки» номинациясымен марапатталды.

2018 жылы

Ақтөбе қаласында өткен Халықаралық  деңгейдегі Т.Ахтановтың 95 жылдығына арналған Халықаралық «Балауса» экспериментальды қойылымдар фестивалінде В.Кенжебаев Г.Хугайдың «Қара шекпен» қойылымында Чобра ролін самдағаны үшін «Екінші пландағы үздік ер ролі үшін» номинациясымен марапатталды.

РФ Рязань қаласында өткен «Свидания на театральной» III Халықаралық театр фестивалінде Г.Хугайдың «Қара шекпен» спектаклімен қатысып, «Үздік актерлық ансамбль» номинациясымен марапатталды.

2019 жылы

Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай өткен  Халықаралық «Балауса» экспериментальды спектакльдер фестивалінде Б.Телеуғалиев У.Шекспирдың «Гамлет» спектаклінен  «Ең үздік ер адам рөлі» номинациясына ие болды.

Түркия елінің Мерсин қаласында өткен Ү «Түркі әлемі театрларының күндері» Халықаралық фестиваліне РФ Татарстан (Буинск қаласында) өткен халықаралық «Буа:Пространство диалога» және қараша айында Ереван қаласында өткен ХҮ Шекспирдің Халықаралық театр фестиваліне У.Шекспирдің «Гамлет» моноспектаклімен қатысып дипломмен марапатталды (режиссер М.Хабибуллин).

Атырау қаласында өткен Р.Отарбаевтың ІІІ Республикалық театр фестиваліне  Р.Отарбаевтың «Темір Нарком» тарихи-драмасы жүлделі ІІ орынды иемденіп, ал, Т.Жүргеновтың ролін сомдаған Н.Өтеғұлов «Үздік актер» номинациясына ие болды.

Көкшетау қаласында өткен «Театр-Көкше» Халықаралық театр фестиваліне Г.Ибсеннің «Кукольный дом» драмасымен қатысты.

2021 жылы

Көкшетау қаласында өткен «TeART-Көкше» ІІ Халықаралық театр фестиваліне Т.Дюдженоглуның «Көшкін» драмасымен барып, дипломмен марапатталды.

2022 жылы

V Халықаралық «BALAUSA» экспериментальды спектакльдер фестивалінде Режиссер М.Хабибуллин «Үздік режиссерлық жұмыс» номинациясына ие болды

Орал қаласында өткен І Республикалық моноспектакльдер фестивалінде Актер  Б.Телеуғалиев «Үздік ер адам бейнесі» номинациясымен ал театр ұжымы «Алғыс хатпен» марапатталды

Көкшетау қаласында өткен «TeART-Көкше» IV Халықаралық театр фестивалінде орыс труппасы «Дипломмен» марапатталды

«І республикалық үздік драматургия байқауы» Әдебиет бөлімінің басшысы А.Әбдіқалық «Аяз би» ертегісімен екінші орынды иемденді (Ақтөбе қ.)

2023 жылы

Халықаралық деңгейде дәстүрлі «BALAUSA» экспериментальды спектакльдер фестивалінде Р.Ибрагимов-Кылосова «Мертвые души» қойылымындағы Незнакомка рөлі үшін «Үздік  әйел адам ролі»номинациясына ие болды (Ақтөбе қ.)

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ұйымдастыруымен І Республикалық жастар театрлары фестивалінде Театр режиссері М.Хабибуллин «Үздік режиссер» номинациясына ие болды

2024 жылы

Өскемен қаласында өткен Б.Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының  ХХХ республикалық фестивалінде «Үздік режиссерлік шешім» номинациясы және театр ұжымын Дипломмен марапаттады

Гастрольдер:

2009 жылы

17 мен 24 мамыр аралығында Орск қаласына гастролдік сапармен барып,    Н.Садурдің «Панночка», Х.Бергердің «Еще один Джексон или перебор», А.Слаповскийдің «Рождение», С.Михалковтың «Зайка-зазнайка» спектаклін ұсынды.

2011 жылы

22-30 сәуір аралығында Орал қаласында гастрольдік сапар жасалды.  Ойналған спектакльдер: В.Беляковтың «Куклы»,  В. Сигаревтың «Детектор лжи», А.Курейчиктің «Осторожно-женщины!», А.Островскийдің «Женитьба Бальзаминова», У.Шекспирдің «Сон в летнюю ночь», С.Аксаковтың «Аленький цветочек».

2013 жылы

2 – 4 мамырда Шымкент қаласына гастрольдік сапамен барып,  Э-Э.Шмиттің «Тектоника чувств», А.Курейчиктің «Осторожно-женщины!», Ф.Г.Лорканың «Дом Бернарды Альбы», Г.Остердің «Вредные советы» спекталін ойнады.

2017 жылы

27 сәуірде РФ Орынбор облысында Ақтөбе облысының сауда-экономикалық және мәдениет күніне орай М.Фаизи атындағы Орынбор татар драма театрында қазақ труппасы Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» драмасын қойды.

Жамбыл облысында өткен Ақтөбе облысының мәдениет күндерінде  Жамбыл облысы қазақ драма театрында  М.Ерғалиевтің «Есігімді қаққан кім?» драмасын көрермендерге ұсынды.

ЭКСПО мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында өткен Ақтөбе облысының мәдениет күндерінде Амфитеатрда қойылған Гала концертте театрландырылған қойылым қойып, Этноауылда М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» комедиясын сахналады.

28-30 сәуір аралығында РФ Орынбор облысында Ақтөбе облысыныңсауда-экономикалық және мәдениет күніне орай  Н.В.Гогол атындағы Бугуруслан облыстық драма театрында орыс труппасы К.Людвигтің «Примодонны» және Р.Кунидің «Смешные деньги»  комедияларын, балаларға арнаған В.Илюховтің «Как Настенька чуть Кикиморой не стала» және К.Чуковскийдің «Доктор Айболит» ертегілерін ұсынды.

2019 жылы

17-20 қазан аралығында театр ұжымы Алматы қаласына алғашқы гастрольдік сапарымен барып, Ғ.Мүсірепов ат. Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында көрерменге Н.Гогольдің «Ревизор» комедиясы, «Мұқағали» перфомансы, У.Шекспирдің «Гамлет» драмасы, Р.Отарбаевтың «Темір Нарком» тарихи-драмасы және Ж.Ерғалиевтің «Есігімді қаққан кім?» драмасын ұсынды.

2022 жылы

Түркістан қаласында ұйымдастырылған «Ер түріктің бесігі Түркістанға – Алтын бесік Ақтөбеден» атты Ақтөбе күнінде шараға Түркістан музыкалық драма театры сахнасында С.Нұржанның «Ер Едіге» этно-фольклорлық тарихи драмасын ұсынды.