Бүгін Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында балалар мен жасөспірімдер шығармашылығына арналған III республикалық үздік драматургия байқауының қорытынды кеші өтті.
Кешке Қазақстанның театр саласындағы белгілі тұлғалар –Амангелді Мұқан — М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Театр және кино бөлімінің меңгерушісі, өнертану кандидаты, театртанушы;
Думан Рамазан — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық “ Алаш” сыйлығының лауреаты, ұлттық “Айбоз” сыйлығының иегері, ТҮРКСОЙ берген “ Түркі әлемінің ең үздік драматургы”;
Мұрат Қолғанат — Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық дарама театрының «Әдеби-драма» бөлімінің қызметкері, драматург қатысып, қазіргі қазақ драматургиясының өзекті мәселелері жайында пікір алмасты.
Жеңімпаздар:
Балаларға арналған ертегі (5–10 жас):
Сағадат Ордашева — «Мама-музей»ертегі (350 000тг )
Манарбек Қыдырбай — «Қыран» ертегі (300 000тг)
Манарбек Қыдырбай — «Қасқыр мен жеті лақ» ертегі (250 000)
Жасөспірімдерге арналған драма (18 жасқа дейін):
Ольга Малышева — «Айдол» драма (350 000тг)
Наурызбай Асылбеков — «Тоқылдақ» драма ( 300 000тг)
Аян Салдатхан — «Ғарышкер» драма ( 250 000тг )
Бұл байқау — жас қаламгерлердің шығармашылық тынысын ашып, қазақ театрының болашағына жаңа леп әкелген маңызды жоба.

